Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматының Алмалы ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмысын жүргізу үшін бірнеше көше бойында жол жүру уақытша жабылады

Алмалы ауданында бірнеше көшеде автокөлік қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • 16 шілдеде сағат 9.00-ден 17 шілде сағат 19.00-ге дейін Қарасай батыр көшесі бойымен А.Шәріпов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейін қозғалыс жабылады;
    17 шілдеде сағат 9-дан 18 шілдеде сағат 16.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесімен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін бір жолақпен қозғалыс шектеледі. Қалған үш жолақ бойынша жол ашық болады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындауға бағытталған іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмысын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде бар.
Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС