Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматының Алмалы ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Манас көшесінің бойындағы учаскелердің бірінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады.

17 шілдедегі сағат 09.00-ден 19 шілдедегі сағат 09.00-ге дейін Алматы қаласы Алмалы ауданында Манас көшесінің бойымен Шевченко көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы үшін жол жабылады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС