Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында Байқадамов және Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысына шектеу қойылады

2024 жылғы 19 шілдедегі сағат 23:00-ден 22 шілдедегі сағат 9:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов және Гагарин көшелерінің қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабық болады.

Уақытша шектеулер 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр болатын, аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС