Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында екі көше көлік қозғалысы үшін жабылады

Алматының Бостандық ауданында автокөлік қозғалысы жабылады:

— 21 маусымда сағат 22.00-ден 22 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;

— 21 маусымда сағат 22.00-ден 23 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін.

Уақытша шектеулер аталған көше учаскелерінің жол бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырлар учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек.

Кешірім өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС