13 шілдедегі сағат 22.00-ден 14 шілдедегі сағат 16.00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Сәтбаев көшесінің бойымен Сейфуллин даңғылынан Масанчи көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады, Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі.
Сәтбаев көшесінің бойында — Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақта — батыс бағытта қозғалыс ашық болады.
Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.