Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматының үш көшесінде жылу желілерін жаңғырту жұмыстары кезінде автокөліктер жүрісіне шектеу қойылады

Алматының Медеу және Түрксіб аудандарында бірнеше көше бойында жылу желілерін қайта жаңғырту кезеңінде автокөліктердің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

  • 27 шілдедегі сағат 05.00-ден 29 шілдедегі сағат 09.00-ге дейін Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады. Екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады;
  • 26 шілдедегі сағат 23.00-ден 28 шілдедегі 22.00-ге дейін Жетісу-Жүргенев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады;
  • 26 шілдедегі сағат 23.00-ден 29 шілдедегі 09.00-ге дейін Бекмаханов көшесінің бойымен Орловская көшесінен Спасская көшесіне дейін қозғалыс шектеледі. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде әлгіректе аталған аудандар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша шектеулер пайдаланылуының нормативті мерзімі өтіп кеткен құбыржолдарын жаңғырту учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр, бұл – сонымен қатар — қыста тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалмауы үшін апаттық жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС