Алматының Алатау ауданындағы Немирович-Данченко көшесінде жылу желілерін қайта жаңғыртуға байланысты көлік қозғалысы шектелмекші
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Алатау ауданындағы 1988 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 483 метрлік жылу жолы ауыстырылады.
Осы себептен 2026 жылдың 8 шілдесінен бастап жылу желісін қайта жаңғырту кезінде Немирович-Данченко көшесінің батыс жағы бойынша — Рысқұлов даңғылынан бастап Райымбек даңғылына дейінгі аралықта — көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Немирович-Данченко көшесінің шығыс жағы бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы ұйымдастырылады.
Шектеу жол бөлігінің астынан өтетін құбырдың қайта жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек.
Аталған жұмыстарды атқару алдағы қысқы кезеңде 14 көппәтерлі тұрғын үйдің, 2 жеке тұрғын үйдің тұрғындарын, сондай-ақ 2 мектеп пен 10 басқа нысанды тұрақты түрде жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге жол ашады.
Жаңғырту жұмыстары кезеңінде тұтынушыларға ыстық су беру бұрынғысынша үздіксіз жалғаса береді.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

