Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

АлЖЖ Бас директоры Марат Сейітқазиев азаматтарды жеке қабылдады

Қабылдауға жылу және ыстық су үшін төлемді есептеу мәселесі бойынша тұрғын келді. Ол түбіртектерде көрсетілген сомалармен келіспейтінін айтып, мәселені қарастыруды сұрады. Жағдайды түсіндіру үшін қабылдауға кәсіпорынның коммерциялық директоры да қатысты.

Тұрғынның  мәселесі тыңдалып, барлық сұрақтары мен келіспеушіліктері  жазып алынды. Аталған мәселе қосымша пысықтауды қажет етеді. Бас директор оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды тапсырды. Арызданушыға жауап заңда белгіленген мерзімде жолданады.

Барлық мәселені бір кездесуде шешу мүмкін бола бермейді. Алайда әрбір өтініш назарға алынып, міндетті түрде қаралады және ол бойынша сұраққа жауап беріледі.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС