2023 жылғы 7-9 шілде аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары және кәсіпорын қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары шеңберінде СЖҚКҚ қызметкерлері ІҚжББ-мен бірлесіп ТҚКО қызметкерлерінің, сондай-ақ жылу инспекциясының қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды күшейту, оларға қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.
Семинар- мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылданатын болады. Семинар-мәжілісте қатысушыларға келесі ұғымдар түсіндірілді:
— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
— пара алу;
— пара беру;
— пара ұғымына не кіреді;
— пара алу және беру үшін жауапкершілік.
Семинар-мәжіліс соңында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қажетті әрекеттер мен шаралар туралы айтылды.
Семинар-мәжіліске «Алматы жылу жүйесі» ЖШС 120-дан астам қызметкері қатысты.