Бүгін, 21 мамырда сағат 10.00-де «АлЖЖ» ЖШС мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Бұл іс-шара жер сілкінісі кезінде персоналдың қажетті дағдылары мен әрекеттерін жаттықтыру үшін өткізілді.
Іс-шараны «АлЖЖ» ЖШС Азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғау штабының бастығы Сарсенбаев Рафаэль Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері, азаматтық қорғаудың аға лейтенанты Нүсіпбаев Бекзаттың қатысуымен өткізді.