Тәжірибе көрсеткендей, коммуналдық қызметтерді бақылаушылар мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынаста түсініспеушіліктер бар.
Бақылаушылар өздерінің лауазымдық міндеттерін орындайды, алайда тұрғындар олардың аумағына себепсіз басып кіреді деп санайды. Олардың қайсысы дұрыс екенін анықтауға тырысайық.
Коммуналдық бақылаушылар, әдетте есептегіштің дұрыс жұмыс істеуін бақылау үшін пәтерлерді аралайды.
Ыстық суды есепке алудың жеке аспаптарынан көрсеткіштерді алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бақылаушы кем дегенде үш айда бір рет айналып өтеді.
Есепке алу аспаптарын тексеру кезінде бақылаушы олардың көрсеткіштерін алады, су өлшегіш тораптың айналма желісінде және көрсетілетін қызметті беруші пломбалаған басқа да құрылғыларда орнатылған есепке алу аспабында және ысырмада пломбалардың болуын және тұтастығын тексереді.
Сонымен қатар, аралап өту кезінде тұтынушылардың өздігінен берілетін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін дұрыс алуын бақылайды. Құрылғыдан көрсеткіштер берілмейтін жағдайлар бар және есептеулер орташа есеппен жүргізіледі, бақылаушы төлемді ретке келтіру және төлемді дұрыс қоюды ескереді.
Жоғарыда аталған барлық әрекеттер регламенттелген және «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану
қағидасының» 3-параграфының 53-тармағында және 54-тармағында жазылған.
Құрылғыдан көрсеткіштерді алу үшін жіберілген қызметкерді анықтауға болады:
1. «АлЖЖ» ЖШС және «Алматы Су» ШЖҚ МКК мөрімен және қолданылу мерзімі бар қызметкерінің екіжақты бейджінің болуы бойынша.
2. Мына телефондар арқылы + 7 727 341 07 77 (ішкі 4444) және (ішкі 2408) қоңырау шалу бойынша:
3. Alts.kz сайтындағы «Тұтынушы» бөлімінде – «Бақылаушылар» көрсеткіштерді алу бойынша бақулаушының фотосуреттерін қарау бойынша.