Білу пайдалы
Күрделі жөндеусіз ішкі жылыту жүйелерін пайдаланудың нормативтен тыс мерзімі (таратушы құбырлар мен тікқұбырлардың шартты өтетін жерінің қалдық шөгінділерімен тарылуы)
01
Ішкі жылыту жүйелерінің өз бетінше өзгеруі (жылыту схемасының өзгеруі – жылы едендер, жылытылатын аумақтың ұлғаюы – радиаторларды балкондарға шығару).
02
Құбыр жолдарында оқшаулаудың болмауы, техникалық қабаттар мен шатырдағы үй-жайлардың үй төбесіндегі терезелерінің әйнектелмеуі.
03
Жылыту жүйесінің элеватор тораптарының ақаулы жұмысы (шүмектің бітелуі немесе дроссель құрылғыларының сәйкес келмеуі).
04
Автоматтандырылған жылу пункттері мен элеватор тораптарына білікті қызмет көрсетілмеуі (мамандардың болмауы).
Жылыту жүйесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда білу қажет:
01
Сіздің үйіңізге қызмет көрсететін сервистік компанияның байланыс деректері (жылыту жүйесіне қызмет көрсетуге қандай ұйыммен шарт жасалған).
02
Сіздің үйіңіз қандай ТПИК-ке жатады, телефоны, мекен-жайы.
03
Сіздің ТПИК-іңіздің Апаттық қызметінің телефоны.
Ұсыныстар:
01
Профилактикалық жұмыстар жүргізуді (жылыту жүйелерін гидравликалық немесе гидропневматикалық тәсілмен жуып-шаю, құбыр жолдардың оқшаулауын қалпына келтіру, терезелерді шынылау, жазғы кезеңге консервациялау, жылыту кезеңінде баптау) қамтитын жылу шаруашылығын дайындауды уақтылы жүргізу.
02
Дер кезінде күрделі жөндеу жүргізу (КПТҮ сіздің үйіңіздің барлық тұрғындарымен бірлесіп) және жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу.
03
ТПИК немесе сервистік компаниядан жылу жүйелеріне, элеваторлық тораптарға және автоматтандырылған жылу пункттеріне білікті мамандардың тиісті қызмет көрсетуін талап ету.
04
Жылыту жүйесіндегі барлық жоспарланған өзгерістер жұмысты бастардың алдында «АлЖЖ» ЖШС-мен және қалалық қызметтермен келісу.