Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Есептеу тәртібі

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары тексеруге кеткен тұтынушыларға «жылыту» және «ыстық сумен жабдықтау» қызметтері бойынша есептеулер жүргзу тәртібі.

ЖЭЕА*  жоқ дербес шоттар бойынша есептеулер мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) «Жылыту» қызметі бойынша – төлем мөлшері теңге/м2  (айлар бойынша) *  (дербес шоттың түбіртек-есепшотында көрсетілген аудан) = төленуге жататын есептелген сома.

Мысал: пәтердің ауданы – 42,8 м2, қаңтар айындағы жылыту үшін төлем мөлшері – 393,38 теңге/м2:

393,38 × 42,8 = 16 836,66 теңге

Жылыту қызметі бойынша құн калькуляторы

төлем шоты бір айдан кейін келеді (мысалы, ақпан айындағы түбіртекте қаңтар айындағы шот көрсетіледі)

Выберите месяц:
Укажите площадь:


2) ЖЕА* жоқ болған жағдайда ЫСЖ* қызметі бойынша – төлем мөлшері, айына  теңге/адам * адам саны (дербес шоттың түбіртек-есепшотында көрсетілген адам саны) = төленуге жататын есептелген сома.

Мысал: тұратын адамдар саны – 2 адам, қараша айындағы ЫСЖ үшін төлем мөлшері – 2 570,86 теңге/адам:

2 570,86 × 2 = 5 141,72 теңге

ЖЕА жоқ ЫСЖ қызметі бойынша құн калькуляторы

төлем шоты бір айдан кейін келеді (мысалы, ақпан айындағы түбіртекте қаңтар айындағы шот көрсетіледі)

Выберите период:
Укажите количество проживающих:


3) ЖЕА бар болған жағдайда ЫСЖ қызметі бойынша есептеу ЖЕА-ның нақты көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Төлем мөлшері теңге/м3 * саны м3 = төленуге жататын есептелген сома.

Мысал:  саны – 2 м3, қараша айында ЖЕА бойынша ЫСЖ үшін төлем мөлшері – 744,53 теңге/м3:

744,53 × 2 = 1 489,06 теңге

ЖЕА бар ЫСЖ қызметі бойынша құн калькуляторы

төлем шоты бір айдан кейін келеді (мысалы, ақпан айындағы түбіртекте қаңтар айындағы шот көрсетіледі)

Выберите период:
Укажите количество м3, согласно
показаниям счетчика горячей воды:

ЖЭЕА* — жылу энергиясын есепке алу аспабы;

ЫСЖ*– ыстық сумен жабдықтау;

ЖЕА*– жеке есепке алу аспабы.

Тексеру*— жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерінің дәлдігін нормативтік талаптарға, ГОСТ стандарттарына және Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының бірыңғай тізіміне сәйкес анықтау мақсатында жүргізілетін міндетті мерзімдік рәсім.

Тексеру жүргізу мерзімдері аспаптың паспортында көрсетіледі. Әдетте, жылу энергиясын есепке алу жүйелері әр 4 жыл сайын тексеріліп тұрады.

«Жылыту» және «ыстық сумен жабдықтау» қызметтері бойынша бекітілген тарифтер  және төлем мөлшерлерімен осы жерден танысуға болады.

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін «жылыту» және «ыстық сумен жабдықтау» қызметтері бойынша төлемақыны есептеу тәртібі

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары (ЖЭЕА) бар дербес шоттар бойынша төлемақы мынадай тәртіппен есептеледі:
Көппәтерлі тұрғын үйлер (КТҮ) үшін жылыту қызметі бойынша төлемақы мынадай формула бойынша есептеледі:

Qм2 = Q Гкал / Sүй
∑ төлеуге = Qм2 × S пәтер × Т Гкал, бұл жерде:
Qм2 – жылытуға жұмсалған жылу энергиясының көлемі
Q Гкал – ЖЭЕА бойынша есептік кезеңдегі жылытуға жұмсалған жылу энергиясының шығыны;
Т гкал – ЖЭЕА бар тұтынушылар үшін 1 Гкал жылу энергиясының құны;
Sүй – ЖЭЕА қамтитын пәтерлердің жалпы жылытылатын ауданы, м².

Мысал: үйдің ауданы – 1 235,3 м², 1 Гкал үшін тариф – 9 909,49 теңге/Гкал, Q Гкал – 5,061 Гкал, 01.01.202Х жылдан 19.01.202Х жылға дейінгі кезеңде пәтер тұтынған жылу энергиясының көлемі – 0,197 Гкал, пәтердің ауданы – 48,1 м²:

Qм2 = 5,061 Гкал / 1 235,3 м2 = 0,004096 Гкал/м2

0,004096 Гкал/м2 × 48,1 × 9909,49 = 1952,17 теңге

1) ЫСЖ қызметі бойынша ЖЕА болмаған жағдайда – есептеу 01.10.202Х–19.10.202Х кезеңі үшін жүргізіледі, төлемақы теңге/м3 * норма адам басына м3 (3,2 – бір адамға айына белгіленген ЫСЖ шығысының бекітілген нормасы) + айырмашылық коэффициенті (285-тармаққа сәйкес, болған жағдайда) = төленуге жататын есептелген сома.

Мысал: тұратын адамдар саны – 1 адам, қараша айындағы ЫСЖ) үшін төлемақы – 671,25 теңге/м3:

671,25 × (3,2+ 0,5) = 2 483,62 теңге

2) ЫСЖ қызметі бойынша ЖЕА болған жағдайда – есептеу 01.10.202Х–19.10.202Х кезеңі үшін жүргізіледі: төлемақы теңге/м3 * м3 саны = төленуге жататын есептелген сома.

Мысал: тұтынылған көлем – 2 м3, қараша айында жеке есепке алу аспабы бар тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау төлемақысы – 503,68 теңге/м3.

503,68 × 2 = 1 007,36 теңге

Тұрғын үйлердің әрқайсысы үшін есептік кезең жеке белгіленеді. Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін төлем есептелген кезең «Алсеко» АҚ-ның түбіртегінде тиісті бағанда немесе түбіртектің төменгі бөлігінде көрсетіледі.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС