«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету – жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау саласындағы қызметі туралы есебі
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында» (бұдан әрі – Заң) және Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығы) (бұдан әрі — Қағида), «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) 2024 жылғы 25 шілдеде, 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы іс-шаралар туралы жылдық есеп бойынша тыңдаулар өткізіледі.
Қағиданың 299 тармағына сәйкес есеп мынадай ақпаратты қамтиды:
- табиғи монополи субъектісі туралы жалпы ақпарат.
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
- бекітілген тарифтік сметаның баптардан кейінгі орындалуы туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс туралы.
- қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтималдық өзгерістері туралы.
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы – Бас директор (Қағиданың 299-тармағына сәйкес) сөз сөйлейді.
Жария тыңдаудың төрағасы – Бас инженер (Қағиданың 296-тармағына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС басшыларының қатарынан).
1. «АлЖЖ» ЖШС туралы жалпы ақпарат.
«АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, бөлуді және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
«АлЖЖ» ЖШС негізгі қызметі «Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЗТК), «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларының жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.
2023 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 385,3 км құрайды, оның ішінде:
- Магистралдық жылу желілері (МЖЖ) — 296,4 км;
- Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 088,9 км.
Жылу желілері жұмыстарының гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін – 69 сорғы станциясы орнатылды (магистральдық сорғылар – 20 бірлік, тарату – 49 бірлік), оның ішінде:
Жылу желілерінде ЫСЖ ең жоғары жүктемелерін теңестіру үшін 24 бак-аккумулятор орнатылған.
2023 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан жоғары жылу желілерінің үлесі 57,9% немесе 802,6 км құрайды, оның ішінде
- ТЖЖ: 64,4% немесе 700,9 км;
- МЖЖ: 34,3% немесе 101,7 км.
Желілердің негізгі үлесін диаметрі 40-тан 400 мм-ге дейінгі 1 193,89 км (86,18%) құбырлар құрайды, диаметрі 500-ден 1 000 мм-ге дейінгі желілердің үлесі 191,46 км (13,82%) құрайды.
Магистральдық жылу желілеріндегі зақымданудың төмендеуі магистральдық желілерді алдын-ала оқшауланған орындаумен жыл сайын қайта құрылымдау есебінен оң нәтиже көрсетеді.
2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығының (бұдан әрі – ТҚҚ) 6-тарауының 335-тармағына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, әзірленді, тиісінше онда мыналарға бағытталған іс-шаралар көзделген:
— қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, қайта құрылымдау, жаңарту, реттелетін жылумен жабдықтау қызметін ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құру;
— энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;
— реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) сапасын арттыру.
ТҚҚ 6-тарауының 338-тармағына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру «АлЖЖ» ЖШС тарифінде ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылуы тиіс.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (бұдан әрі – ТМРКД) 2024 жылғы 22 ақпандағы №23-НҚ үшін 2024 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау жоспарына сомасы 5 023,82 млн.теңгеге түзету бекітті, іс жүзінде 2024 жылдың 1 жартыжылдығына инвестициялық бағдарламаны іске асыру 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 384,47 млн.теңгені құрады, инвестициялық бағдарлама 8%-ға орындалды. Келісім орындалу сатысында.
ҚҚС-сыз
3. Бекітілген тарифтік сметаның бап бойынша орындалуы туралы.
2024 жылдың 1 жартыжылдығына жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге тарифтік сметаны орындау.
ҚҚС-сыз
№ р/н | Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада қарастырылған | 2024 жылға арналған нақты ағымдағы көрсеткіштер | Ауытқу (+,-) 5-4 | % | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
I. | Тауар өндіруге және қызметтерді көрсетуге кеткен шығындар, барлығы | Мың теңге | 22 943 407,9 | 12 695 064,8 | -10 248 343,2 | -45% | |
1 | Материалдық шығындар, барлығы | Мың теңге | 1 556 818,6 | 1 319 321,7 | -237 496,9 | -15% | |
соның ішінде: | |||||||
1.1 | Шикізат және материалдар | Мың теңге | 100 268,6 | 48 307,9 | -51 960,7 | -51,8% | Шарттарды орындау және жасау сатысында. |
1.2 | жанар-жағармай материалдары | Мың теңге | 94 662,9 | 115 835,4 | 21 172,6 | 22% | Артық шығындардың себептері: − бензин құнының өсуі 58%, дизель отыны 46%-ға ( 2020-2023жж.); − автокөліктердің жоғары тозуына байланысты отын шығынының артуы |
1.3 | Су және канализация | Мың теңге | 26 920,4 | 12 689,8 | -14 230,6 | -53% | |
1.4 | Энергия | Мың теңге | 1 334 966,7 | 1 142 488,6 | -192 478,1 | -14% | 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы тарифін 25%-ға көтеру. «АлЭС» АҚ жылу көздерінен жылу энергиясына тарифтердің өсуі (2023 жылғы 1 тамыздан) – 26%, «АТКЕ» ЖШС (2023 жылғы 1 тамыздан) – 39%. |
2 | Еңбек шығындары, барлығы | Мың теңге | 8 590 289,6 | 4 266 077,1 | -4 324 212,5 | -50% | |
3. | Амортизациясы | Мың теңге | 4 952 136,5 | 2 768 932,5 | -2 183 204,0 | -44% | |
4 | Нормативтік шығындардың ысырабы | Мың теңге | 6 718 753,5 | 3 557 032,4 | -3 161 721,2 | -47% | |
5 | Жөндеу | Мың теңге | 857 977,9 | 574 006,6 | -283 971,4 | -33% | |
6 | Салықтар (экологиялық төлемдер) | Мың теңге | 1 660,6 | 645,8 | -1 014,7 | -61% | |
7 | Бөгде ұйымдардың қызметі, барлығы | Мың теңге | 265 771,2 | 209 048,7 | -56 722,5 | -21% | Шарттарды орындау және жасау сатысында. |
II. | Кезең шығындары, барлығы | Мың теңге | 2 344 386,8 | 1 323 064,0 | -1 021 322,8 | -44% | |
8 | Жалпы және әкімшілік шығындар, барлығы | Мың теңге | 2 344 386,8 | 1 323 064,0 | -1 021 322,8 | -44% | |
9 | Сыйақы төлеу бойынша шығындар | Мың теңге | 5 748,5 | 0,0 | -5 748,5 | -100% | |
III | Қызмет көрсетуге кеткен жалпы шығындар | Мың теңге | 25 293 543,19 | 14 018 128,7 | -11 275 414,5 | -45% | |
IV | Пайда (+) / залал (-) | Мың теңге | 0,0 | 2 779 811,4 | 2 779 811,4 | 0% | |
V | Жалпы табыс | Мың теңге | 25 293 543,2 | 16 797 940,1 | -8 495 603,1 | -34% | |
VI | Көрсетілген қызметтердің көлемі (тауарлар, жұмыстар) | Мың Гкал | 6 354,8 | 4 220,4 | -2 134,5 | -33,6% | |
VII | Стандартты техникалық жоғалтулар | % | 14,88% | 12,29% | 0,0 | -17% | |
Мың Гкал | 1 110,5 | 591,2 | -519,2 | -47% | |||
VIII | Тариф | теңге/Гкал | 3 980,20 | 3 980,20 | 0,0 | 0% |
4. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы.
5. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері және табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштері туралы:
Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифті қалыптастыру кезінде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 13-Тарауы).
АлЖЖ» ЖШС үшін тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығынды әдіспен бекітілді, осыған байланысты, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-НҚ бұйрығы).
6. Қызметтің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы
2024 жылдың 1 жартыжылдығы кезеңінде Кәсіпорын 40 900,80 млн.тенге мөлшерінде табыс алды, табыстың негізгі үлесі жылу энергиясын өткізуге 99% — ға келеді; жалпы табыстың 1% — ы Кәсіпорынның басқа және өзге де кірістеріне тиесілі.
2024 жылдың 1 жартыжылдығына үшін шығыстар 39 008,39 млн. теңгені құрады, шығындардың негізгі үлесі жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алуға – 71% тиесілі. Сонымен қатар, негізгі шығындар: Амортизация – 7%; жалақы – 12%; электр энергиясы, салықтар және жөндеу – 7%; сондай-ақ, өзге де шығындар – 3%.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтиже 1 892,41 миллион теңге пайданы құрады.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
Есепті кезеңде жылу көздерінен сатып алу 4 554,67 мың Гкал құрады, өткен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 25,95 мың Гкал немесе 0,5%-ға азайды;
Іске асырылған – 4 220,38 мың Гкал, 2023 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеген (105,92 мың Гкал);
2024 жылдың 1 жартыжылдығында жылу энергиясын сатып алу-сату көлемінің төмендеуінің себебі:
— 2023 жылғы қаңтар мен ақпандағы орташа айлық температура 2024 жылғы қаңтар және ақпандағы орташа айлық температурадан төмен болды *
*Жылу энергиясын сату көлемінің төмендеуі салыстырмалы түрде жылы ауа райы жағдайында сұраныстың төмендеуіне байланысты.
8. Реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар туралы.
2024 жылдың 1 жартыжылдығына Кәсіпорын бойынша келіп түскен хат-хабарлар саны, электрондық құжат айналымына ресми тіркелген 11 456 сұраныс, по сравнению с прошлым 1 полугодием 2023 года увеличилось на 11% или на 1 121 обращений. 90% всей входящей корреспонденции приходится на коммерческий блок Предприятия.
«АлЖЖ» ЖШС 3 (үш) бағытта (Батыс, Орталық, Шығыс), тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. «Бірыңғай терезе» қағидасымен жұмыс жасауда, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және құжаттарды өңдеу мен қызмет көрсетуге кететін уақытты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 43929 тұтынушыны қабылдады. 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда тұтынушыларды қабылдау 2%-ға төмендеді.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында түскен кіріс қоңыраулардың жалпы саны 90 335 қоңырауды құрайды, оның 90%-ы Байланыс орталығына түскен қоңыраулар, 81 096 түскен қоңыраулар 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 1%-ға өсті. Қалған 10% немесе 9239 кіріс қоңырауды Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өңдеген.
Сонымен қатар, Серіктестік Интернет ресурстары арқылы сұрауларды қабылдайды, WhatsApp-мессенджері арқылы, кәсіпорынның ресми сайты, Facebook, Instagram және тағыда басқа әлеуметтік желілер арқылы.
Мысалға , WhatsApp мессенджері арқылы, 2024 жылдың 1 жартыжылдығында тұтынушылардан 6 313 сұраныс түсті, 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 40%-ға өсті.
9. Қызмет перспективалары, оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:
2024-2025 жж. жылыту кезеңіне дайындалу:
2024 жылға арналған жылу желілерін қайта құру жоспары:
- СЭО бағдарламасына сәйкес 2023 жылдан бастап берілетін, жалпы ұзындығы 4,7 км болатын 4 жылу желісі нысанын қайта құру жоспарлануда, ҚҚС-ты есепке алғанда 8,49 млрд.теңге.;
- инвестициялық бағдарламаға сәйкес «АлЖЖ» ЖШС жылу желісінің 8 нысанын қайта құру жоспарлануда
- (2023 жылдан бастап 1 және 7 жаңа) жалпы ұзындығы 6,25 км, ҚҚС есебімен 4,767 млрд.теңге сомасында; 1 – кабельдік желі, 2023 жылдан бері ҚҚС есебімен 22,23 млн.теңге сомасына.
− «Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен» ЖБҚ қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 10 нысанды (7 екі жылдық және 3 бір жылдық) ҚҚС есебімен 9,24 млрд теңгеге қайта құру жоспарлануда.
1 – сорғы станциясы ҚҚС қоса алғанда 931,36 млн.теңге (екі жылдық)
- жылу желілерін ағымдағы жөндеу – 8,0 км;
− оқшаулауды қалпына келтіру – 8,6 км.
Дебиторлық берешекті қысқарту:
- Дебиторлық берешек үшін тұтынушыларды жылумен жабдықтау қызметтерінен өшіру рейдтерін жүргізу туралы ақпаратты кәсіпорынның БАҚ және әлеуметтік желілерінде жариялау;
- Сотқа дейінгі хабарламалар беру;
- Дебиторлық берешегі үшін тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау қызметтерінен өшіру;
- Жылу энергиясы қызметтер тұтынушыларының берешегі туралы автоматты түрде қоңырау шалу және смс-хабарламаны енгізу;
- Атқарушылық жазбалар жасау және жеке сот орындаушыларына беру.
Қызмет көрсетуді жақсарту:
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Жылумен жабдықтау қызметтерін өшіру/қосу актілері бойынша деректерді енгізуді автоматтандыру.