
Оқу орталығы
Біздің миссиямыз жұмысшы мамандықтар мамандарының дамуына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасай отырып, оларды жоғары сапалы оқытуды және үздіксіз кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
Біз тыңдаушыларымызды өз кәсібінің саласындағы міндеттерді тиімді орындауы үшін қажетті біліммен және дағдылармен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз кәсіби өсуі үшін жағдай жасауға ұмтыламыз.
Оқу орталығы
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Оқу орталығы инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жұмысшы ұйымдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын куәлік бере отырып өткізеді.
Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары келесі жұмысшы мамандықтар бойынша өткізіледі:
- Жылу желілерінің слесарі
- Сорғы қондырғыларының машинисі;
- Электр-газбен дәнекерлеуші;
- Электрмонтер.
Инженерлік-оқытушылық құрамы
Инженерлік-оқытушылық құрамға білікті мамандар, сертификатталған жаттықтырушылар және өндірістік оқытудың тәжірибелі шеберлері кіргізілген.
Половинко Валерий Николаевич
Білімі:
Алматы энергетикалық құрылыс техникумы
Трудовая деятельность:
1968 – 1971 жж.
«Средазэнергомонтаж» тресті, екінші разрядты слесарь
1971 – 1973 жж.
Витебск Радиобөлшектер зауыты, инженер-конструктор
1973 – 1974 жж.
Витебск Радиобөлшектер зауыты, инженер-сантехник
Алматы жылу желілері кәсіпорны:
1974 – 1975 жж.
№ 17 учаске шебері
1975 – 1984 жж.
№ 17 учаске бастығы
1984 – 1987 жж.
орталық пайдалану ауданының өндіріс бастығы
1987 – 1996 жж.
ауданның бас инженері
1996 – 1998 жж.
өндірістік-техникалық қызметтің бас инженері
1998 – 2000 жж.
пайдалану жөніндегі бас маман
2000 – 2011 жж.
Таратқыш жылу желілерін пайдалану жөніндегі басқарма бастығы
2011 – 2013 жж.
«Холдинг Алматы Жылу» МКК инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету қызметінің бастығы
Волох Дмитрий Валерьевич
Образование:
Алматы Энергетика және Байланыс Институты (1998-2003)
Трудовая деятельность:
2003 – 2011 жж.
«АлЖЖ» ЖШС – Пайдалану ауданы-2 (ПА-2) жылу желілері жөніндегі аға шебер
2011 – 2012 жж.
«АлЖЖ» ЖШС — Пайдалану ауданы-1 (ПА-1) жылу желілерінің бас инженері
2012 – 2017 жж.
«АлЖЖ» ЖШС — ШПА магистральдық жылу желілері учаскесінің (ШПА МЖЖУ) бастығы
2017 – 2023 жж.
«АлЖЖ» ЖШС — Солтүстік пайдалану ауданының (СПА) бастығы
2023 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін
ТОО «АлТС» — Бас инженердің пайдалану жөніндегі орынбасары
Ильичев Виктор Иванович
Білімі:
Алматы энергетикалық құрылыс техникумы
Еңбек қызметі:
Өндірістік оқыту шебері
Алматы жылу желілері кәсіпорны:
1980 – 1988 жж.
ПА-3 жылу желілерінің пайдалану жөніндегі шебері
1988 – 1990 жж.
ЖҚБ бастығы
1990 – 1997 жж.
ПА-1 бас инженері
1997 – 2000 жж.
ПА-1 бастығы
2000 – 2022 жж.
«Алматы жылу жүйелері» Магистральдық жылу желілері басқармасының бастығы
Жантайлякова Лазат Сериковна
Білімі:
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалы
Еңбек қызметі:
Алматы қ. бойынша Әлеуметтік қорғау департаментінің Жетісу аудандық бөлімшесі:
1999 – 2000 жж.
Әлеуметтік қызметкер
2000 – 2001 жж.
Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы
2001 – 2004 жж.
Тұрғын үй көмегі бөлімінің бас маманы
2004 – 2007 жж.
Мекенжайлық әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы
Алматы қ. ЭжСБ «Алматы Су» ШЖҚ МКК:
2007 – 2008 жж.
Дебиторлық сектор операторы
2008 – 2009 жж.
Дебиторлық сектор инженері
2009 – 2013 жж.
Дебиторлық сектордың жетекші маманы
2013 – 2017 жж.
Халықпен жұмыс жасау бөлімінің бастығы
2017 – 2021 жж.
Тұтынушыларға қызмет көрсету басқармасының бастығы
Алматы қ. ЭжСБ «Алматы жылу жүйесі» ЖШС:
2021 – 2022 жж.
Жылу энергиясын өткізу және бақылау басқармасының бастығының орынбасары
2022 – қазіргі уақытқа дейін
Жылу энергиясын өткізу жөніндегі басқарма бастығының орынбасары

Оқу орталығының даму тарихы
2013
2013 жылдың қазанында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң персоналмен жұмыс жасау басқармасының құрамында оқу орталығы құрылды. Ол Алматы жылу жүйесінің өндірістік базасында ашылды.
2013
2013 жылдың желтоқсанында Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алынды
2015
2015 жылдың маусымынан бастап мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы шеттегі ұйымдар үшін оқу өткізіледі
2017
2017 жылдың мамырында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң заманауи оқу талаптарына сай жаңа оқу орталығы ашылды.
2019
2019 жылдың наурызында Оқу орталығы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкестігін растау үшін сараптамадан өтті. Оның нәтижелері бойынша осы салада қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі расталды, сондай-ақ растама ретінде Аттестат берілді.
2024
2024 жылдың наурызында қайта сараптама өткізіліп, оның қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы сәтті расталып, жаңа Аттестат алынды.
2025
2025 жылдың мамырында Оқу орталығы халықаралық институционалдық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтіп, білім беру қызметінің халықаралық сапа талаптарына сәйкестігін растайтын Куәлікке ие болды.
Оқу орталығының тыныс-тіршілігі
Корпоративтік оқыту

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де кәсіпорын қызметкерлері үшін корпоративтік оқыту жүргізіледі. Сабақтарды жылу-энергетикалық салада практикалық білімдері бар кәсіпорынның тәжірибелі қызметкерлері өткізеді. Курстардың тақырыптамасы жұмыскерлердің сұрауларының негізінде қалыптастырылған, бұл оқудың мазмұнын өндірістік үдерістің нақты қажеттіліктеріне сәйкес барынша бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу

2025 жылдың 16 мамырында Жұмысшы мамандықтар жылының аясында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң Оқу орталығында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға қаланың колледждері мен мектептерінің білім алушылары қатысты. Қонақтарға компанияның қызметі, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар, еңбек жағдайлары және оқудан өту мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берілді.
Аккредиттеу
2025 жылдың мамырында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң Оқу орталығы халықаралық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтіп, № AD-IA 0397 куәлігін алды.
Халықаралық институционалдық аккредиттеу білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып және білім беру қызметтерінің жоғары сапасын растай отырып, орталық қызметінің қосымша білім беру саласындағы халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін растайды.
Қазақ тілінен практикалық курс
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де қызметкерлерге арнап практикалық қазақ тілін үйрететін курстар өткізіледі. Бағдарлама ауызша сөйлеу тілін дамытуға және кәсіби ортада мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған. Сабақтар қатысушыларға қазақ тілін күнделікті және жұмысқа байланысты қатынастарда сенімді қолдануға көмектесе отырып, шынайы және интерактивті нысанда өтеді.
Оқу орталығын дамыту тұжырымдамасы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат


Оқу орталығының прайс-парағы

Алғыс хаттар
Сертификаттар
Өз мамандығының үздіктері
Ең үздік слесарь 2024
1-орын: Баратов Рустам Баратович — ЖЖмЖЖҚ қызмет көрсету жөніндегі слесарь, кәсіпорында 2015 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.
2-орын: Масимов Шухрат Именахунович — ЖЖмЖЖҚ қызмет көрсету жөніндегі слесарь, кәсіпорында 2023 жылдың наурызынан бастап жұмыс істейді.
3-орын: Рахимбердин Марат Калкаманович — ЖЖмЖЖҚ қызмет көрсету жөніндегі слесарь, кәсіпорында 2010 жылдың желтоқсанынан бастап жұмыс істейді
Ең үздік электрші 2024
1-орын: Кеңесбай Әділ Айдарұлы – электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер, кәсіпорында 2023 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істейді.
2-орын: Жұмағалиев Ермек Орысбекұлы — электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер, кәсіпорында 2023 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істейді.
3-орын: Бекбала Ануар Еркенович – Жапқыш арматура электржетегіне қызмет көрсету және жөндеу және ысырмаларды құрастыру жөніндегі электрмонтер, кәсіпорында 2024 жылдың наурызынан бастап жұмыс істейді.
Жүк автомобилінің ең үздік жүргізушісі 2024
1-орын: Труфанов Олег Михайлович – Автомобиль (10 тн жоғары) жүргізушісі, кәсіпорында 2018 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді.
2-орын: Байгазиев Бахытжан Манапович — Автомобиль (10 тн манипулятор) жүргізушісі, кәсіпорында 2023 жылдың қазанынан бастап жұмыс істейді.
3-орын: Сабиров Ануаржан Ахметович — Автомобиль (3,5 тн жоғары) жүргізушісі, кәсіпорында 2023 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді
Жеңіл автомобильдің ең үздік жүргізушісі 2024
1-орын: Керимбеков Ерлан Кыдырбаевич – Автомобиль жүргізушісі, кәсіпорында 2015 жылдың қазанынан бастап жұмыс істейді
2-орын: Курмангалиев Ергали Мендигалиевич — Автомобиль жүргізушісі, кәсіпорында 2023 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді
3-орын: Умирбек Магжан Бауыржанович — Автомобиль жүргізушісі, кәсіпорында 2023 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді
Ең үздік дәнекерлеуші 2024
1-орын: Орманбаев Акжол Гисаевич – Электр-газбен дәнекерлеуші, кәсіпорында 2023 жылдың маусымынан бастап жұмыс істейді
2-орын: Джумагулов Ерлан Кенесбекович — Электр-газбен дәнекерлеуші, кәсіпорында 2014 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді
3-орын: Жумагалиев Рысгали Хожагалиевич — Электр-газбен дәнекерлеуші, кәсіпорында 2018 жылдың тамызынан бастап жұмыс істейді
Оқу орталығының байланыс деректері:
- +7 (727) 341 0777
- +7 (707) 474 0494