Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Сапа және энергия менеджмент

— Кәсіпорын саясаты

— Сертификаттар

«АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ» ЖШС-ның
САПА ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІК САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да ҚР СТ ISO 9001-2016 және ҚР СТ ISO 50001-2012 ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі әзірленді, енгізілді және жұмыс жағдайында қолдау көрсетіледі.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметінің мақсаты келесі басымдықтарға негізделген жылумен жабдықтаудың коммуналдық қызметтерін көрсету үшін объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуін және техникалық жаңғыртылуын қамтамасыз ете отырып, Алматы қаласының тұтынушыларына жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындау болып табылады:

  • Тұтынушыға тұрақты бағдарлану;
  • Жылумен жабдықтау қызметтерін үздіксіз ұсыну;
  • Материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өндіріс шығындарын азайту;
  • Ішкі процестерді үздіксіз жақсарту арқылы дамуға ұмтылу;
  • Сапа менеджментіне қызметкерлерді барынша тарту.

Алматы жылу жүйесі» ЖШС міндеттенеді:

  • Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;
  • Тұтынушыларға қызмет көрсету және қолданылатын заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес сұраныстар мен талаптарға уақтылы жауап беру; 
  • Нарыққа талдау жүргізу және оның өзгерістеріне уақтылы ден қою, тұтынушылар мен Кәсіпорынның мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін баға саясатын жүргізу;
  • Инженерлік инфрақұрылымның қауіпсіз жұмыс істеуін, техникалық жаңғыртылуын және қайта құрылымдалуын қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлердің біліктілік, құзыреттілік және уәждеменің (мотивация) деңгейін қолдау;
  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін сенімді есептілікті қамтамасыз ету;
  • Сапа және энергия менеджменті саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды енгізу арқылы энергия ресурстарының ұтымсыз шығындарын барынша азайту;
  • СМЖ жұмысына талдау жүргізуді қамтамасыз ету, оның қорытындысы бойынша Кәсіпорын қызметін тұрақты жақсартуға бағытталған жаңа мақсаттар белгілеу.

Кәсіпорын басшылығы ҚР СТ ISO 9001-2016 және ҚР СТ ISO 50001-2012 стандарттарының талаптарына сәйкес СМЖ нәтижелілігін үздіксіз жақсарту және арттыру, мақсаттарды іске асыру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алады.
Кәсіпорын басшылары, қызметкерлері осы Саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.


СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРЫ

Жоғарыда аталған стратегиялық перспективаларға қол жеткізу үшін Кәсіпорын басшылығы менеджмент жүйесін үнемі жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін жауап береді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС