Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
сыбайлас жемқорлыққа қарсы компланс-қызметі
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес (2021ж.29.12 жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бөлігінде «АлЖЖ» ЖШС Қадағалау кеңесінің шешімімен және Кәсіпорынның бас директорының бұйрығымен 2021 жылғы желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылды.
Қызмет Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ұйымдық және функционалдық тұрғыдан «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Қадағалау кеңесіне есеп береді. Өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкімдеріне, нұсқаулықтарына және басқа да актілеріне, сондай-ақ Жарғыға, Корпоративтік этика кодексіне және Кәсіпорынның басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл қызметтің мақсаты қызметкерлердің ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын мониторингілеу және бақылау болып табылады.
Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары болып табылады:
- шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
- адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
- мүдделер қақтығысының алдын алу;
- іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Жаңалықтар тізімі: