Заңды тұлғаларға арналған жадынама
Құрметті тұтынушы! Жылумен жабдықтауға шарт жасасу алдында сіздің жылу энергиясын есепке алу аспабыңыз пломбаланғанына және есептеулерге байланысты одан әрі келіспеушіліктерді болдырмау үшін жылумен жабдықтаушы ұйым жол бергеніне көз жеткізуіңізге кеңес береміз.
Себебі, Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің 55 — тармағына сәйкес «Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін өтінім берілген шарт көлемінің, коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің негіздерінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжаттары бойынша, ал олар болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есеп айырысу жолымен есеп айырысады.
Мұнда, жылу энергиясын есепке алу аспабы — бұл жылу энергиясын, жылу тасымалдағыш массасын (көлемін) есепке алуды, сондай-ақ оның параметрлерін бақылауды және тіркеуді қамтамасыз ететін, бұл ретте метрологиялық тексеруден өткен, энергия беруші және/немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым пломбалаған және пайдалануға қабылдаған аспаптар мен құрылғылар кешені.
Пломба болмаған жағдайда, сіз «АлЖЖ» ЖШС пломбалауға өтінім беру және есепке алу аспабын пайдалануға беру актісін алу қажет.
Байланыс орталығының телефоны: 341-07-77