Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Жылыту жүйесіндегі су жасыл боп кетуі мүмкін: бұл жоспарлы тексеру

Құбырлардағы су неліктен жасыл түсті боп кетуі мүмкін?

Құрметті қала тұрғындары!

2026 жылдың 2 қарашасынан бастап 2027 жылдың 19 наурызына дейін «Алматы жылу жүйесі» ЖШС жабық жүйе бойынша жұмыс істейтін (ЫСЖ-сыз жылыту құбырлары ғана) қазандықтарынан қосылған жылу желілерін тексеру жұмыстарын жүргізуде, атап айтқанда:

Алатау ауданы: Қарасу, Саялы-2, Мәдениет қазандықтары;

Жетісу ауданы: Омарова 47 қазандығы;

Медеу ауданы: Коккинаки 5, Достық 291А, ИЯФ Алатау ауылы қазандықтары;

Түрксіб ауданы: Сүйінбай 377А, Станкевич 17, Глазунов 53А, Вокзал, Мехпоселок, 16-шы әскери қалашық, Комета ЖП қазандықтары,

Құбырлардағы көрінбейтін тесіктерді, ақауларды тез табу және батареялардан суды заңсыз құйып алуды болдырмау үшін апта сайын қазандықтардағы суға арнайы органикалық индикатор  — Уранин А (флуоресцеин динатрий тұзы) қосылатын болады. Суға ашық жасыл немесе сарғыш жасыл түс беретін осы индикатор.

Нені білу маңызды?

  • Бұл қауіпсіз: Бұл заттектің қоршаған ортаға улы әсері аз және қауіпсіз.
  • Бәрі заң бойынша: Бояғыштың қолданылуы санитариялық нормаларға және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-138 Бұйрығына сай болып табылады.
  • Бақылау: Біз болғаны 1,0 г/м³ құрайтын қауіпсіз концентрацияны қатаң сақтаймыз.

Егер көшеде (бу шығып жатқан немесе құбыр жарылған жерде) жасыл су көрсеңіз, шошымаңыз! Бұл біздің индикаторымыз пайда әкеліп жатыр және мамандарға ақауды тез жоюға көмектесіп жатыр деген сөз. Жедел әрекет ету үшін апат қызметінің бірыңғай 109 нөміріне хабар берсеңіз болады.

Өтінеміз, ешкімнің үрейі туындамас үшін, осы постты көршілеріңізге жіберіңіз!

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС