2026 жылдың қарашасынан бастап коммуналдық қызметтерге арналған түбіртектерде жылыту үшін төлемақы өзгеше көрсетіледі. Әр шаршы метрге шаққандағы теңгемен есептеудің орнына тұрғындар тұтынылған жылудың гигакалориямен (Гкал) көрсетіліп тұрғанын байқайды.
Бұған дейін тұрғындар: жылыту үшін есептелген сома тариф бұрынғыдай боп тұрса да, ай сайын неліктен өзгереді деген сұрақты жиі қойып жүрді.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де түсіндіргендей: бекітілген тариф жылудың бір гигакалориясына шағылып белгіленеді. Алайда бұрын түбіртектерде қорытынды сома пәтер ауданының әр шаршы метріне есептеліп көрсетілетін еді.
Бұған қоса әр көппәтерлі үй жылуды әртүрлі мөлшерде тұтынады. Үйдің нақты қанша жылу тұтынғанын әр үйде орнатылған бүкіл үйге ортақ есепке алу аспабы тіркеп алады.
Жаңартылған түбіртекте «Жылыту» жолында мыналар жеке-жеке көрсетіледі:
• Жылу көлемі – есептік кезең ішінде қанша гигакалория есепке алынды;
• Тариф — бір гигакалорияның бағасы;
• Есептелген сома – жылу үшін қорытынды төлем.
Осылайша, тұрғындар түбіртектегі сома неден құралатынын және есептік кезең ішінде қанша жылу мөлшері есепке алынғанын көре алады.
Жаңа формат есептеулерді анағұрлым түсінікті әрі көрнекі етеді: тұрғындар төленуге жататын соманы ғана емес, оны есептеу кезінде негіз болған жылу көлемін де көре алады.
