Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Пәтеріңіздегі жылу үшін кім жауапты?

Көбісі пәтердегі жылу үшін тек жылу жүйелері ғана жауапты деп санайды. Шын мәнінде бұл мүлде олай емес.
Алматы жылу жүйесі жылуды үйдің шекарасына дейін жеткізеді. Әрі қарай жауапкершілікті ПИК, МИБ немесе басқарушы компания алады.
Жылыту маусымы басталғанға дейін үй ішінде міндетті түрде не жасалу керек:
— Жылыту жүйесін жуу
— Баспақтауды (беріктігі мен саңылаусыздығын тексеру) жүргізу
— Жылу пунктін ретке келтіру
— Үйішілік желілерді тексеру және жөндеу
— Алдыңғы маусымнан кейінгі ескертулерді жою
— Үйдің жылыту маусымына дайындық актісін алу
Сонымен қатар кіреберістерді, терезелерді, есіктер мен жертөлелерді жылыту шараларын қабылдаудың маңызы зор.
Бұл жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін жасалып болу керек. Пәтерлердің жылы болу-болмауы көбінесе осы жұмыстарға байланысты.
Егер жылуды қосқаннан кейін үйдің іші суық болса – бірінші кезекте өз ПИК-ге немесе МИБ-ге жүгінуіңіз қажет.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС