Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы шектеледі
2026 жылғы 14 мамырдағы сағат 23:00-ден 15 мамырдағы сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесінің бойымен Лавренев көшесінен бастап «Qazaq Energy Charge» жанармай құю станциясының бұрылысына дейін көлік қозғалысы жабылады.
Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.
Бұл уақытша шектеу асфальттың шөгуіне байланысты асфальт жабынын қалпына келтіру үшін енгізіліп отыр.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

