Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Нақты тұтынылған жылу үшін төлейміз: үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабының пайдасы

Қыс мезгілінде жылу үшін келетін түбіртек  көп жағдайда бірқатар сұрақтар туғызады: Неліктен төлем сомасы дәл осындай және үйге іс жүзінде қанша жылу берілді? Бұл сұраққа үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы (бұдан әрі – ҮОЖЭЕА) жауап береді.

Бұл қандай аспап?

ҮОЖЭЕА – бүкіл үйге арналған «ақылды есептегіш». Ол ғимараттың жеткізушіден қанша жылу энергиясын алғанын есептейді және жылу жеткізгіштің температурасын және шығынын тіркейді.

Тұрғындар үшін негізгі артықшылықтары

🔹 Әділ есептеу. Есепке алу аспабы болмаған жағдайда төлем орташа нормативтер бойынша есептеледі. Ал ҮОЖЭЕА болған кезде тұрғындар үйдің нақты тұтынған жылуы үшін төлейді. Егер ғимаратың қабырғалары мен төбесі жақсы қапталған және үй ішіндегі жүйе реттелген болса, бұл үйді жылытуға кететін  шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.

🔹 Есептеулердің ашықтығы. Төлем сомалары аспап көрсеткіштеріне негізделіп есептеледі, сондықтан түбіртектерде негізсіз сомалардың көрсетілуіне жол берілмейді.

Қай жерде орнатылады?

Әдетте ҮОЖЭЕА ғимараттың кіреберісінде: жертөледегі элеваторлық тораптың алдында немесе баланстық тиесілілікті ажырату шекарасында орналасқан жеке жылу пунктінде орнатылады.

Қорытынды

ҮОЖЭЕА есептеулерді түсінікті етеді және  көрсетілген қызметті бақылауға мүмкіндік береді.

#ҮОЖЭЕА #жылыту #ТКШ #үнемдеу #жылуесептегіш #жылу #ПИК #түбіртек

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС