Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Жылыту және ыстық су үшін қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару және шоттарды бұғаттан босату мүмкіндігін 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға болады

Жылыту және ыстық су үшін қарызды төлеген жағдайда 2025 жылдың соңына дейін ғана өсімпұлды есептен шығару және шоттарды бұғаттан босату мүмкіндігі бар

Жылыту және ыстық су үшін қарызды тек 31 желтоқсанға дейін ғана өсімпұлсыз төлеуге болады

Алматы жылу жүйесі жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін қарыздары бар тұтынушылар үшін өсімпұлсыз берешекті өтеу бойынша акцияның аяқталатыны туралы ескертеміз. Еске саламыз, акцияның әрекет мерзімі шектеулі және 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Акция іске қосылғалы бері өсімпұлды есептен шығару мүмкіндігін 1 744 борышкер пайдаланып үлгерді.

Ескертеміз, акция: өсімпұлдың ақшасын үнемдеп қалуға; мүлікке шектеулер мен тыйымдарды алып тастауға; санкциялар қолданылған борышкерлердң банк шоттарын бұғаттан шығаруға мүмкіндік береді.

Қажетті құжаттар туралы ақпаратты борышкерлер АлЖЖ-ң анықтама қызметіне 341-07-77 телефоны бойынша, WhatsApp +7 (701) 027-11-20 (тек қана хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді) арқылы, info@alts.kz электрондық поштасы бойынша, немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚО) біріне жүгіну арқылы ала алады.

Өсімпұл ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық төлеген жағдайда ғана есептен шығарылады. Төлемеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыз сомалары сот арқылы өндіріп алынады.

2025 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС