Дәстүр бойынша 22 желтоқсан күні атап өтілетін Энергетиктер күнінің қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Президентінің атынан энергетикалық кешен жұмыскерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Осы орайда, Алматы жылу жүйесінің жұмыскерлерінің қосқан үлесі туралы ерекше айтылды.
Адал еңбегі, өндірістік міндеттерді шешудегі жоғары кәсіби шеберлігі және қаланың энергетикалық кешенінің дамуына қосқан зор үлесі үшін 48 жыл бойы еңбегін сіңірген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң электрслесарі – Михаил Филатов «Құрмет» орденімен наградталды.
Сонымен қатар ҚР Энергетика министрі Ерлан Аккенжанов «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң жерасты құбыр жолдары мен жылу жүйелерінің құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі Рахимбердин Марат Калкамановичті «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградтады.
Қазақстан Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлінуде. Кәсібилік пен адалдық ең жоғары құрметке лайық. Біздің жұмыскерлеріміздің еңбегін мойындап, жоғары баға бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.


