Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Жылытуды қосқан соң пәтер іші суық немесе батареялардың бір бөлігі жылымай тұрса не істеу керек

Алматының Жылу жүйесі кәсіпорны жылыту маусымы басталған кезде жылу жеткізгішті баланстық ажырату шекарасына дейін – яғни көппәтерлі үйдің немесе басқа объектінің элеваторлық торабына дейін жеткізеді.

Егер пәтер ішінде жылу болмаса, батареялар нашар жылытса немесе жартылай жылы болса ПИК-не, МИБ-не немесе сервис компаниясына жүгіну қажет.

Басқарушы ұйымның мамандары:

  • жылыту жүйесінен ауаны шығаруы;
  • жылу пунктінің жұмысын ретке келтіруі;
  • барлық үй-жайлардың біркелкі жылытылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Үйішілік жылыту жүйесінің жұмысы көппәтерлі тұрғын үйді басқару органының (ПИК/МИБ) немесе қызмет көрсетуші ұйымның жауапкершілік аймағына жатады.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС