Алматының Жылу жүйесі кәсіпорны жылыту маусымы басталған кезде жылу жеткізгішті баланстық ажырату шекарасына дейін – яғни көппәтерлі үйдің немесе басқа объектінің элеваторлық торабына дейін жеткізеді.
Егер пәтер ішінде жылу болмаса, батареялар нашар жылытса немесе жартылай жылы болса ПИК-не, МИБ-не немесе сервис компаниясына жүгіну қажет.
Басқарушы ұйымның мамандары:
- жылыту жүйесінен ауаны шығаруы;
- жылу пунктінің жұмысын ретке келтіруі;
- барлық үй-жайлардың біркелкі жылытылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Үйішілік жылыту жүйесінің жұмысы көппәтерлі тұрғын үйді басқару органының (ПИК/МИБ) немесе қызмет көрсетуші ұйымның жауапкершілік аймағына жатады.
