Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Борышты өсімпұлсыз өтеу: борышкерлер үшін мүмкіндік

Алматыда «Борышыңды өтесең өсімпұлды жоямыз» акциясы басталды

Алматыда жылу беретіндер «Борышыңды өсімпұлсыз өте» акциясын іске қосты

Алматыда коммуналдық кәсіпорынның алдындағы жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін борыштарын айыппұлсыз өтегісі келетін жылу энергиясын тұтынушылар үшін «Борышыңды өтесең өсімпұлды жоямыз» акциясын іске қосты.

Бұл акция көрсетілген жылумен жабдықтау (ыстық су, жылыту) қызметтері үшін төлемақыны уақтылы төлемеген жеке тұлғаларға (тұрмыстық тұтынушыларға) қатысты қолданылады. Акцияның қатысушысы болу үшін ағымдағы жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айының соңына дейін берешекті толық төлеу, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не пәтерге құқық белгілейтін құжаттарды, жеке куәлікті және төлегені туралы түбіртек көшірмесін (кассалық чекті) тіркей отырып жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.

Өсімпұл тек қана ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық өтеген жағдайда жойылады!

Аталған құжаттармен бірге төмендегі мекенжайлар бойынша орналасқан Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚО) біріне жүгіну қажет:

— «Батыс» ТҚО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) –  «Ақсай-4» ш.а., 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, е-mail: batys@alts.kz;

— «Орталық» ТҚО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көш., 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, е-mail: ortalyc@alts.kz;

— «Шығыс» ТҚО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Төлебаев көш., телефондары: 341-05-32, 341-05-33, е-mail: shygis@alts.kz.

ТҚО-на баруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттарды мына электрондық поштаға жіберуге болады: info@alts.kz.

Берешек туралы ақпаратты немесе жылу энергиясы үшін есептелген төлемақы туралы ақпаратты сондай-ақ АлЖЖ-ң анықтама қызметіне: 341-07-77 нөміріне хабарласып алуға болады. Оған қосымша WhatsApp нөмірі жұмыс істейді: +7 (701) 027-11-20 (тек қана хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).

Естеріңізге саламыз, берешекті төлемеген жағдайда төлемеген тұлғалар жылумен жабдықтау жүйесінен ажыратылады, ал борыштар сомалары мүлкі мен банк шоттарына тыйым сала отырып сот арқылы өндіріп алынады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС