Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Инвестициялық бағдарлама: 2023 жылғы 31 шілдеге арналған қайта құрылымдау жобаларын іске асыру

Рысқұлов даңғылынан Бродский көшесімен әрі қарай Казаков көшесімен Райымбек даңғылына дейін (УТ-5Т-8-ден ТК-5Б-19-ға дейін) жылу желілерін қайта құрылымдау. Уақытша ыстық сумен жабдықтау құбырын орнату жұмыстары аяқталды. 2023 жылғы 29 шілдеден 10 тамызға дейін Райымбек даңғылында (батыс бағытта) автокөлік қозғалысы ішінара жабылды. Науалар мен құбырларды монтаждау, жылу камераларын, бекітілген тіректер мен өтемдеуіштерді орнату орындалады. Орындалған жұмыстардыңғ жалпы пайызы — 40 %.
Жұмыстың жоспарланған аяқталу күні: 2023 жылғы 15 қыркүйек. 

ТК-3Гр-12-ден №143 лицей мектеп ғимаратының қабырғасына (ТК 3Гр-12-ден Есенов көшесімен Колпаковский көшесіне өтумен №143 лицей мектебінің қабырғасына дейін жылу желілерін қайта құрылымдау) жылу желілерін қайта құрылымдау. Жер қазу жұмыстары, қолданыстағы науалар мен құбырларды бөлшектеу жұмыстары аяқталды. Науалар мен құбырларды монтаждау, бекітілген тіректер мен өтемдеуіштерді орнату жүргізілуде. Орындалған жұмыстардың жалпы пайызы — 77 %.
Жұмыстың жоспарланған аяқталу күні: 2023 жылғы 31 тамыз. 


ПС-7-ден 4-ықшам ауданы, 1г үй мекен-жайында орналасқан (Өтеген батыр көшесі мен Қуанышбаев көшесінің бойымен 4-ықшам ауданы, 1г үйге дейін) 13-СС дейінгі 2КЛ-10кВ кабель желілерін қайта құрылымдау. Объектіге арналған кабель толық көлемде келді. Кабельдік желінің жаңа жолдарын келісу жүргізілуде («GRAND PARK LTD» ЖШС аумақта жұмыстар жүргізу үшін рұқсат бермейді).

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС