Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Серіктестіктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлайды.
2025 жылғы 10 сәуірде «Алматы жылу желілері» ЖШС Бас директорының төрағалығымен, сондай-ақ Серіктестіктің жұмыс тобы мүшелері мен қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 Үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес серіктестіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды талқылау мақсатында отырыс өткізілді.