Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Кім жалпы үйлік аспаптың жұмысын бақылап, оны тексеру мерзімін қадағалап, уақтылы жүргізуі керек

Үйішілік инженерлік желілерді пайдалануға байланысты мәселелер (оларға жалпыүйлік есепке алу аспабы да жатады) жылумен жабдықтаушы ұйым арасындағы өзара қарым-қатынастың мәні болып табылмайды және абоненттер кондоминиумды басқару органымен бірлесіп өз бетінше шешеді.
Алматы қаласындағы тұрғын көппәтерлі үйлердің тұрмыстық тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтаудың жария шарттың (бұдан әрі-Шарт) 4.1-тармағына сәйкес.  — Тұтынушы белгіленген тәртіппен бекітілген тариф бойынша Тараптардың теңгерімділік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарын жеткізушінің өкілі және мемлекеттік стандарт органдары (не басқа уәкілетті орган) тексерген және пломбалаған, жарамды көрсеткіштер негізінде жылу энергиясы үшін Жеткізушімен есептеседі. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем мөлшері жергілікті атқарушы орган бекіткен белгіленген нормалар бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес жүзеге асырылады (жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 25-тармағы).
Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, ПИК, МИБ) тиісті техникалық жай-күйде ұстайды және үйге ортақ (үйішілік) жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, үйге ортақ меншікті құрайтын коммерциялық есепке алу аспаптарының және басқа да жылу тұтыну қондырғыларының (үйге ортақ) сақталуын қамтамасыз етеді (жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 62-тармағы)
Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтыну қондырғыларына қызмет көрсетуді дербес немесе мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша жүргізеді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС