Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Көліктерге Алматыда Манас көшесімен жүру қиындайды

2024 жылғы 7 тамызда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласының Алмалы ауданында Манас көшесі бойымен Абай даңғылынан Шевченко көшесіне қарай көліктердің қозғалысы қиындайды. Манас көшесінің тас жолының ортасында асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Уақытша шектеулер жоғарыда аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының анықталған шөгуін жою үшін енгізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС