Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Неліктен бөлмелердің бірінде батарея қызбайды, не істеу керек және қайда хабарласу керек

Бөлмелердің бірінде батареяның қызбау себептері әртүрлі болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін себептер:
— жылыту жүйесінде ауанынң болуы;
— ішкі жылу жүйесі реттелмеген;
— тік құбырлар мен жылыту құрылғыларының бітелуі;
— шүмектің бітелуі (элеватор торабындағы дросселдік құрылғысы);
— тік құбыр бойынша тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесінің өзгеруі (жылыту құрылғыларын ауыстыру және т.б.) және басқа да себептер.

Жоғарыда аталған себептерді жою үшін шаралар қабылдау қажет:
— ауаны шығару қажет (әдетте радиаторда майевский клапаны бар);
— үй ішіндегі жылу жүйесін реттеу қажет;
— тік құбырды тазалау немесе ауыстыру;
— элеватор қондырғысындағы шүмекті тазалау;
— тұрғын үйдегі жылу жүйесінің тұтастығын қалпына келтіру.

Үйде орналасқан коммуникациялар үшін жауапкершілікті басқарушы компанияда — ПИК немесе МИБ атқарады. Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, ПИК, МИБ) ортақ үйді (үйішілік) жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесін тиісті техникалық жағдайда ұстауды және сақталуын қамтамасыз етеді.
Кондоминиум объектісін басқаратын заңды тұлғалар жылу тұтыну қондырғыларына өз күшімен немесе мамандандырылған ұйыммен келісім бойынша қызмет көрсетеді.
Бұл ретте, ПИК, МИБ немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады.
Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы No 211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларымен» реттеледі, теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс қондырғының жылу тұтыну жауапкершілігі кондоминиум объектісін басқару органына (ПИК, МИБ) жүктеледі.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС