Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Неліктен коммуналдық төлемдерді 25-не дейін төлеу керек

Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарына сәйкес тұтынушы ыстық су және жылыту қызметтері үшін төлемді есептік айдан кейінгі әр айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді. 
Мерзім басталған кезде төлем болмаған жағдайда тұтынушыға төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген сомалар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесі мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептеледі.
Қарыз пайда болған сәттен бастап борышкерге алдын ала хабарланғаннан кейін ыстық су және жылыту қызметтерін беру тоқтатылады. Екі айдан бастап төлем болмаған жағдайда берешекті сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Ыстық су және жылыту қызметтері үшін берешектің болуы туралы ақпаратты алу үшін мына + 7 (727) 341 0777 нөмір бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС анықтамалық қызметіне жүгіну қажет.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС