Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шара Алматы жылу жжүйесінде өтті

2022 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласының жылу жүйелерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысының төрағалығымен мәжіліс өтті.
Сыбайлас жемқорлық ел қауіпсіздігіне елеулі қатер туғызады. Ол қоғамға үлкен зиян келтіреді, мемлекеттік биліктің негіздеріне қол сұғады, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін төмендетеді және олардың беделіне нұқсан келтіреді, тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуын қиындатады. Демократиялық институттар мен құндылықтарды, әділеттілік пен қоғамдық борыш ұғымдарын бұза отырып, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуына және құқықтық тәртіпке нұқсан келтіреді. 
Сыбайлас жемқорлық азаматтардың құқықтық санасын өзгертіп, лауазымды тұлғаларды параға сатып алу арқылы олардың жеке және ұжымдық мүдделерін қанағаттандыру мүмкіндігі туралы түсінік қалыптастырады. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрін көрсетуге төзбеушілік жағдайы құрылуы тиіс.
Мәжіліске коммуналдық кәсіпорындар, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар қатысты. Мердігерлік ұйымдардың қатысушыларына мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы жеткізілді. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы бағытта тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.   
«АлЖЖ» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінде кез келген лауазымды тұлғаның дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпараты болса, қала тұрғыны жүгіне алатын сенім телефоны орнатылған. Сенім телефоны: +7 (727) 341 07 00, ішкі 4444.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС