2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес (2020ж.19.12 жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша парапар шаралар қабылданады.
Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:
- шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық механизмдерді белгілеу;
- адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
- мүдделер қақтығысының алдын алу;
- іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Осылайша, Кәсіпорында барлық қызметкерлерге жоғарыда аталған нормативтік құжаттардың талаптары және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі қағидаттары жеткізілді. Ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын лауазымды адамдар өздеріне іскерлік этика нормаларын сақтау жөнінде міндеттемелер алды.
Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алу мақсатында Ішкі қауіпсіздік қызметі кәсіпорын қызметкерлерімен жоғарыда аталған нормативтік құжаттардың талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алу мақсатында Ішкі қауіпсіздік қызметі кәсіпорын қызметкерлерімен жоғарыда аталған нормативтік құжаттардың талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
Лауазымдық ережелерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс пайдалануды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Ішкі қауіпсіздік қызметінде сенім телефоны орнатылған, оған кәсіпорынның кез келген қызметкері немесе кез келген лауазымды тұлғаның дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпараты бар адам қоңырау шала алады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағын орындау мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің функцияларын орындау туралы шешім қабылданды, ішкі қауіпсіздік қызметіне жүктелсін. Ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету міндеті.
Осыны ескере отырып, кәсіпорынның «Ішкі қауіпсіздік қызметі туралы» Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің қосымша функциялары жүктелген ІҚҚ бас маманының функционалдық міндеттері қайта қаралды.