Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Үйішілік желілерде (радиаторларда, тікқұбырларда, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде судың ағуы) штаттан тыс жағдай туындаған кезде қайда жүгінуге болады?

Мұндай жағдайлар орын алған кезінде үйіңізге қызмет көрсететін апаттық қызметке (сервистік компанияға) қоңырау шалу керек.
ПИК/МИБ ведомстволық бағынысты ғимараттарға қызмет көрсету туралы шарт жасасқан осындай компанияның кезекші қызметкерлері тәуліктің кез келген уақытында апат болған жерге дереу келуге, оның салдарын жоюға және үйішілік жылумен жабдықтау жүйесінің істен шыққан учаскесінің жұмысын қалпына келтіруге міндетті.
Бұл ретте, тұрғындар радиаторларды, құбырларды, өзге де жабдықтарды жөндеу немесе ауыстыру, пәтер ішіндегі дәнекерлеу және басқа да жұмыстарды сервистік компания ақылы түрде орындайтынын есте сақтауы тиіс.
Үй ішіндегі инженерлік желілердегі тәуекелдерді азайту үшін тұрғындар өкілдері арқылы кондоминиум объектісін басқару органының (ПИК, МИБ) қызметін бақылауды ұсынамыз, ол заң бойынша үйге ортақ (үйішілік) жылыту мен ыстық сумен жабдықтау жүйесін және жалпы үй меншігін құрайтын қондырғыларды тиісті техникалық жағдайда ұстауға, оның жұмысының қауіпсіздігін, коммерциялық есепке алу аспаптарының және басқа да жылу тұтынушылардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Құрметті тұтынушылар!

Наурыз мерекесін тойлау құрметіне 21-25 наурыз аралығындағы күндер демалыс және мереке күндері болып жарияланды.
Жұмыс 26 наурыздан бастап кәдімгі тәртіпте жалғасады.

Барлығыңызды келешек мерекемен құттықтаймыз! Осы керемет уақытта жан жылуыңыз мол, бақыт пен береке тілейміз!


Уважаемые потребители!
Сообщаем, что в честь празднования Наурыза с 21 по 25 марта объявлены выходными и праздничными днями.
Работа возобновится в прежнем режиме с 26 марта.
Поздравляем всех с наступающим праздником! Желаем вам радости, благополучия и душевного тепла в это прекрасное время!

Он будет закрыт в 0 секунд