Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Үйішілік жүйе: олардың жұмысын кім бақылауы керек

Үй ішінен өтетін коммуникациялар үшін кім жауап береді, кіреберістегі, жертөледегі құбырдың жарылуын кім қалпына келтіреді, үйдің ішіндегі судың сапасын кім тексереді (егер үйге дейін бәрі талап етілетін нормаларға сәйкес келсе) және үй ішіндегі жүйеге қатысты басқа да мәселелер жиі туындайды. 

Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, ПИК, МИБ) үйге ортақ (үйішілік) жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесін тиісті техникалық жағдайда ұстайды және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу аспаптарының (үйге ортақ) және үйге ортақ меншікті құрайтын басқа да жылу тұтыну қондырғыларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтыну қондырғыларына қызмет көрсетуді өз бетінше немесе мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргізеді.

Сонымен қатар, ПИК, МИБ немесе кондоминиум объектісін басқару органының басқаруындағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі жағынан басқару торабының кіріс ысырмаларының бірінші бөлу еренмегі немесе дәнекерлеу тігісі бойынша айқындалады.

Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларымен» реттелген, кондоминиумды басқару органы (ПИК, МИБ) теңгерімділік тиесілілік шекарасынан тыс орнатылған жылу тұтыну қондырғылары үшін жауапты болады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС