Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Үйішілік жүйелердің жұмысын кім жүзеге асыруы тиіс

Үй ішіндегі коммуникация үшін кім жауапты, подъезде, жертөледе құбырлар жарылыса кім қалпына келтіреді, үй ішіндегі судың сапасын (егер үйге дейін барлық қажетті нормаларға сәйкес келсе) кім тексереді және бірқатар басқа да мәселелерге, үйішілік жүйесі қатысты жиі сұрақтар туындайды.
Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, ПИК, МИБ) коммерциялық есепке алу құралдарының (үйге ортақ) және үйге ортақ меншікті құрайтын басқа да жылу тұтыну қондырғыларының сақталуын қамтамасыз етеді, үйге ортақ (үйішілік) жылыту жүйесінің және ыстық сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және тиісті техникалық жай-күйде ұстайды.
Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтынатын қондырғыларға қызмет көрсетуді дербес немесе мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргізеді.
Сонымен қатар, ПИК, МИБ немесе кондоминиум объектісін басқару органының басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлеу тігісі бойынша айқындалады.
Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларымен» реттелген, теңгерімдік тиесілілік шекарасы үшін жылу тұтыну қондырғылары үшін кондоминиумды басқару органы (ПИК, МИБ) жауапты болады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС