Жұмысшылар жылында «АлЖЖ» ЖШС «Жылу желілері: адамдар және хикаялар» арнайы жобасын іске қосты. Оның басты кейіпкерлері осы кәсіпорынның жұмыскерлері болып табылады. Олар қала үшін және оның тұрғындары үшін өз жұмыстарының маңыздылығы туралы баяндай отырып, кәсіпқой ретіндегі тәжірибесімен бөліседі.
«Жылу желілері: адамдар және хикаялар» жобасы әрбіріміздің үйімізде жылу, ыстық су, жайлылық пен береке болу үшін күн сайын, кейде ауыр болып келетін жұмысын кез келген ауа-райы жағдайында атқаратын адамдарды жұмыс үстінде көрсетуге бағытталған. Бұл өз өмірін сүйікті ісіне арнаған және еңбегі жылумен жабдықтау жүйесінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін адамдардың хикаялары.
Жобаның кейіпкерлерінің бірі «АлЖЖ»-ң 11-жылдық өтілі бар сорғы қондырғыларының машинисі — Татьяна Панарина
«Кезекші машинистің лауазымында 11 жылдан бері еңбек етіп келемін. Біздің басты міндетіміз – қаламыздың бедерлілігін ескере отырып, жылу жеткізгішті жылу көзінен соңғы тұтынушыға дейін үздіксіз беріп тұруды қамтамасыз ету болып табылады», — деп әңгімесін бастады Татьяна.
Жылу тасымалданатын жолда су айдайтын сорғы станциялары орнатылған. Олар жылуға ЖЭО-нан алшақ орналасқан тұтынушыларға дейін жетуге мүмкіндік бере отырып, желілердегі судың айналымын сақтап тұрады.
«Біздің жұмыс күніміз құжаттаманы тексеруден басталады. Күні бойына біз сорғылардың жұмысын, судың жұмсалуын, температурасын, сорғылардың салқындауын, қысымның өзгеруін қадағалап тұрамыз. Егер сорғының жұмысында немесе параметрлерінде қандай да бір ақаулықтар болмаса өзгерістер байқалса, біз кезекші диспетчерлерге қоңырау шаламыз. Штаттан тыс жағдайларда қаламыздың тұрғындары жылусыз және ыстық сусыз қалмау үшін жедел шараларды қабылдаймыз», — деп бөлісті Татьяна.
Сорғы станциясы машинисінің жұмысы өте күрделі: бұл жерде күнделікті қауіп-қатерлермен қатар, жауапкершілік те жоғары. Алайда сенің әрекеттеріңе мыңдаған адамдардың жайлылығы байланысты екенін түсінудің өзі жігерлендіре түседі. Татьяна үшін бұл қалыптасқан жұмыс емес, ол үшін бұл үлкен миссия.
«Өзгерткім келетін нәрсе бар ма дейсіз бе? Жоқ. Жұмысысыздың қиын екендігіне қарамастан, өзіме ұнайды. Мен әрбір жұмыс күніммен қаламыздың тұрғындарына пайда әкеліп жүргенімді жақсы түсінемін», — деп түйіндеді ол.
Айта кетсек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшылар мамандықтар жылы» деп жариялады.
