Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

1 тамыздан бастап жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін берешекті есептелген өсімпұлсыз өтеу мүмкіндігі туады

Алматыда «Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін берешекті айыппұлсыз өтегісі келетін тұтынушылар үшін «Қарызыңды төлесең – өсімпұлды есептен шығарамыз!» акциясын іске қоспақ. 


Акция 2025 жылдың 1 тамызынан 31 желтоқсанына дейін созылады және өсімпұл ақшасын үнемдеп қалу, мүлікке салынған шектеулер мен тыйымдарды алып тастау, санкциялар қолданылған борышкерлердің банктердегі шоттарын бұғаттан шығару мүмкіндігін береді.


Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы ақпаратты борышкер АлЖЖ-ң анықтама қызметіне 341-07-77 нөмірі; WhatsApp арқылы: +7 (701) 027-11-20 (тек қана хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді); info@alts.kz электрондық поштасы бойынша немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚО) біріне өзі барып ала алады. 

ТҚО-ң мекенжайлары және байланыс деректері:

— «Батыс» ТҚО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) –  «Ақсай-4» ш.а., 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;

— «Орталық» ТҚО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көш., 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;

— «Шығыс» ТҚО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) –  Төлебаев көш., 26, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

Берешекті төлемеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыздар сомалары – сот арқылы өндіріп алынады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС