Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

АКС семинары: Жеке жауапкершілік және мүдделер қақтығысы

Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары аясында, 2025 жылғы 17 қыркүйекте «АлТС» ЖШС-нің Солтүстік пайдалану ауданында алдын алу шарасы өткізілді. Тақырыбы: «жеке жауапкершілік және мүдделер қақтығысы».

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және жауапкершілігін арттыру.

Семинар барысында спикер сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізудің, оның пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға келесі ұғымдар жан-жақты түсіндірілді:

  • жеке жауапкершілік;
  • мүдделер қақтығысы;
  • мүдделер қақтығысының салдары.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы бекітілген жоспарлар шеңберінде жалғасады.

2025 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС