Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алмалы және Түрксіб аудандарында жылу желілерін жаңғырту себебінен жүру уақытша шектеледі

31 мамырдан бастап 20 шілдеге дейін Алмалы ауданында Бөгенбай батыр көшесінде Бруно көшесінен бастап Аносов көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы шектеледі.

31 мамырдан бастап 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінде Сейфуллин даңғылынан бастап Ақан Сері көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы шектеледі.

Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегменттерінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Жалпы көрсетілген аудандарда ағымдағы жылы 1983-1985 жылдары пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 3 километрлі құрайтын жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру жоспарланып отыр, бұл 105 көппәтерлі үйдің, 5 жеке үйдің тұрғындарын, 5 жеке меншік мектепті, 1 мектепті және басқа да 3 объектіні қыс мезгілінде тұрақты жылумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезеңінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Ескертеміз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында,  @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС