2025 жылғы 3 қазанда Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Шәкәрім көшесінде тарату жылу желісінде құбыр зақымданды. «Алматы жылу желілері» авариялық қызметінің мәліметінше, зақымдану 2010 жылы пайдалануға берілген құбырдың коррозияға ұшырауы салдарынан орын алған.
ТОО «Алматы жылу желілері» авариялық бригадасы диаметрі 200 мм құбыр учаскесіндегі зақымдануды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Жөндеу жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника және 8 адамнан тұратын жеке құрам тартылды.
Аталған зақымдануға байланысты Шәкәрім – Прокофьев – Құлымбетов – Брусиловский көшелері контурындағы тұтынушыларға ыстық су беру шектеледі.
Ыстық су беру осы көшелер контурында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, шамамен бүгінгі күнгі сағат 23:00-де қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.
Көрсетілген ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Еске саламыз: кез келген штаттан тыс жағдай (су ағуы, бу шығуы және т.б.) туындаған жағдайда өз бетінше әрекет жасамауды және дереу төмендегі нөмірлерге хабарлауды қатаң түрде ұсынамыз: 📞 +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), 📞 +7 (727) 341-07-77 (08:00–18:00 аралығында) немесе 109.