2025 жылдың 2-ші қыркүйегінен бастап 15-ші қыркүйегіне дейінгі кезең ішінде Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу жүйелері гидравликалық сынақтардан өткізіледі.
Магистральдық және таратқыш құбыржолдарды тексеру кезінде – күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы және басқа да оқиғалар сияқты штаттан тыс жағдайлар орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіңіз және ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.
Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі::
2 қыркүйек
Әуезов және Алмалы аудандары:
Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов.
қыркүйектің 2-нен 3-не дейін
Әуезов және Алмалы аудандары:
Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов;
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары:
Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин– Тобаяқов – Назарбаев – Райымбек — Куратов.
3 қыркүйек
Алмалы және Бостандық аудандары:
Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев;
Алмалы және Бостандық аудандары:
Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов;
Жетісу ауданы:
Айнабұлақ-1,2,3,4 шағын аудандары; Көкмайса шағын ауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладина – Павлодарская көшелерінің квадраты;
Алатау ауданы:
Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.
қыркүйектің 3-нен 4-не дейін
Жетісу және Түрксіб аудандары:
Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік Айналым – Борандай;
Алмалы және Бостандық аудандары:
Назарбаев – Тимирязев –– Наурызбай батыр – Құрманғазы –Есентай өзені – Гоголь.
қыркүйектің 3-нен 12-не дейін
Бостандық ауданы:
Асқаров – Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Саин – Әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы — Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев;
Бостандық ауданы:
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы; Орбита-1,2,3,4 шағын аудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков– Басенов;
Медеу ауданы:
Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.
4 қыркүйек
Наурызбай ауданы:
Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;
Жетісу ауданы:
Құлагер шағын ауданы, Серіков-Ратушный көшелерімен, Рысқұлов — Жансүгіров – Тихов – Глазунов көшелерінің квадратында.
қыркүйектің 4-нен 5-не дейін
Әуезов, Наурызбай, Алмалы және Бостандық аудандары:
Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов;
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары:
Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.
5 қыркүйек
Алатау ауданыы:
Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы;
Алмалы және Бостандық аудандары:
Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
8 қыркүйек
Алатау ауданы:
Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;
Алмалы ауданы:
Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек;
Алатау ауданы:
Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК-ң оңтүстік жағы.
9 қыркүйек
Алмалы ауданы:
Қарасай батыр – Ислама Кәрімов – Райымбек – Масанчи.
қыркүйектің 9-нан 10-на дейін
Әуезов және Алмалы аудандары:
Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өз.
10 қыркүйек
Алмалы және Жетісу аудандары:
Райымбек – Бродский — Рысқұлов – Сейфуллин.
қыркүйектің 11-нен 12-не дейін
Әуезов ауданы:
Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов.
Көрсетілген аумақтардың контурында тұратын тұтынушылардың барлығын ыстық сумен жабдықтау толықтай сақталады.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбыржолдардың күрделі учаскелерін айқындау үшін жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!