Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматы қаласының Бостандық ауданында екі көшеде қозғалыс 1 тамызға дейін шектеледі.

Алматыда Габдуллин, Жағалау маңы, Хамит Ерғалиев, Бұқар жырау желекжолы және Байтұрсынов көшелерінің контурымен төселген құбыржолды жаңғырту жүргізілуде.

Жалпы ұзақтығы 2,7 километрді құрайтын жылу трассасы 220-ден астам қала объектілерін жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы кезеңде Бостандық ауданының тұрғындарына ыстық су беру уақытша құбыржол арқылы қамтамасыз етіледі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың 20 мамырынан бастап 1 тамызына дейін: Римский-Корсаков көшесімен (Бұқар жырау желекжолынан бастап Габдуллин көшесіне дейін); Габдуллин көшесімен (Нахимов көшесінен бастап Марков көшесіне дейін) автокөліктер қозғалысы жабылады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймы

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС