Іс-шара «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара барысында болашақ мамандар электрогазбен дәнекерлеуші, жылу желілерін қызмет көрсету жөніндегі слесарь, электромонтер, сорғы қондырғыларының машинисі сынды еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламаларымен танысты.
Орталықтың оқытушылары экскурсия өткізіп, оқу модульдерін таныстырып, өндірістік тәжірибеден өту және кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берді. Әсіресе, 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына байланысты жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Оқу орталығы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында колледждермен және «Атамекен» ҰКП-мен әріптестікті жалғастыруда.






