Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 1983 жылғы құбырды ауыстыру себебінен Марков көшесінің учаскесімен жүру үш күнге шектеледі

Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын өткізу кезеңінің ішінде Алматы қаласының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жүргізілуде. Осы жұмыстар аясында 1983 жылы пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 1,5 километрді құрайтын жылу трассасы ауыстырылуда.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 тамыздың сағат 11:00 бастап 4 тамыздың сағат 07:00 дейін Марков көшесі мен Бұқар Жырау желекжолының қиылысында автокөліктер қозғалысы уақытша жабылады.

Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Аталған жылу желісі 128 көппәтерлі үйдің тұрғындары, 25 жеке тұрғын үй, 2 балабақша, 1 мектеп, 1 денсаулық сақтау объектісі және басқа да 65 объект үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС