Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 1983 жылғы құбыржолдың ауыстырылуына байланысты Ақан Сері көшесінің учаскесімен өтетін жол уақытша шектеледі

Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жалғасуда. Жұмыстар шеңберінде 1983 жылы пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 3,5 километрді құрайтын жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 18 шілденің сағат 23:00 бастап 21 шілденің сағат 06:00 дейін Ақан Сері көшесімен Котельников көшесінен бастап Сейфуллин даңғылына дейінгі учаскеде автокөліктер қозғалысы уақытша жабылады.

Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Аталған жылу желісі 90 көппәтерлі үйдің тұрғындары, 5 жеке тұрғын үй, бір мектеп және бір қосымша объект үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС