7-ші қазаннан бастап 11 қазанға дейін әлеуметтік нысандарда: балабақшаларда, мектептерде және ауруханаларда жылуды қоса бастайды, содан кейін тұрғын үй қоры мен басқа да нысандарға жылу қосылады. Жылу кезең-кезеңімен қосылып, бірнеше күнге созылады.
Бұл ретте жылу желілері үйге кіреберісте жылуды қосу үшін параметрлерді ұсынады. ПИК және МИБ апаттық және сервис қызметтері тараптардың пайдалану жауапкершілігі шекарасында тұтынушыларды қосады – үйдің жылуын қосады және үйішілік желілерді реттейді (радиаторлардағы, тікқұбырлардағы ауаны жібереді және т.б.).
Жылыту маусымын дайындау және жүргізу қағидаларына сәйкес тұтынушылар ыстық сумен жабдықтауға келесі кезектілікпен қосылады:
- балаларға арналған, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақ үйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа ғимараттар.
Алматы қаласында жылыту кезеңі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес тәулік бойы +8 градус және одан төмен болған кезде басталады.